Александр Винокуров Astana велокомандасында басшылық қызметін атқаратын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Astana - Premier Tech сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстандық серіктестер келесі маусымда жобаны акционер және титул демеушісі ретінде қолдауды жалғастыратынын растады. 2022 жылы Александр Винокуров команданың спорт жетекшісі ретінде өз міндетін орындауға оралады және қызметкерлердің құрамын, сондай-ақ жобаның спорттық қызметін қамтамасыз ету функциясына жауап береді",– деп жазылған хабарламада.
Astana әлемдік велоспорт жоғарғы лигасындағы 17-маусымына дайындалып жатыр.
Айта кетейік, биыл маусымда Александр Винокуров Astana велокомандасындағы басшылық қызметінен кететіні хабарланған еді.
L'Équipe басылымы Винокуров пен велокоманданың басшылығы арасында түсінбестік туғанын жазған.
Astana-Premier Tech — 2007 жылы құрылған қазақстандық кәсіби велокоманда.