Алексей Цой Алматыдағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің жұмысымен танысты

603

Мегаполистегі мобильді бригадалардың саны 5 есеге артты. 

Алексей Цой Алматыдағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің жұмысымен танысты

18 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы қаласына сапары кезінде мегаполистегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету (БМСК) қызметінің COVID-19 жаңа толқынына дайындығы пысықтады. 

Алматы қаласында БМСК қызметінде 74 медициналық ұйым, 39 мемлекеттік емхана және 35 жеке меншік емхана бар. БМСК медициналық ұйымдарында 9 914 медициналық қызметкер, оның ішінде 2 712 дәрігер жұмыс жасайды. Қазіргі таңда БМСК ұйымдарына тіркелгендер саны 2 миллионнан астам адамды құрайды.
Сонымен қатар, емханалардың жұмысы мобильді бригадалармен күшейтілді. Мобильді бригадалардың саны 5 есеге артты және 409 бригаданы құрайды, бұл дегеніміз 925 медициналық қызметкер.

Амбулаториялық деңгейде 270 мыңнан астам науқасқа құны 11 миллиард теңгеден асатын 1 млнға жуық медициналық дәрілік заттармен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, амбулаториялық емдеуде жатқан COVID-19 вирусымен ауырған науқастарды басқаруда БМСК ұйымдарына қолдау көрсету үшін науқастарды  мониторингілеу орталығы құрылды. Бұл орталықтың мақсаты – үйдегі тәуекел тобындағы науқастарды, егде жастағы адамдар және қосалқы аурулары бар науқастарды бақылау. Соңғы айда орталықтан 2000-нан астам науқасқа көмек көрсетілді.

"Біз БМСК ұйымдарының дайындығына жоғары дәрежеде көңіл бөлдік. Бүгінде қалалық емханалар COVID-19 жаңа толқынына барынша дайын. Індетке шалдыққан науқастарға да, сондай-ақ ковидке талдау нәтижесі теріс шыққан пациенттерге де лайықты көңіл бөлінуде. Бізде жоспарлы емдеуге жатқызу тоқтап қалған жоқ, барлық медициналық ұйымдар жұмыс істеп тұр", – деді Қоғадық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу