Алексей Цой: Амбулаторлық ем алып жатқандарға 5 түрлі дәріні үйлеріне жеткіземіз

1098

 Амбулаторлық науқастарды емдеу қаулысына өзгерістер енеді.

Алексей Цой: Амбулаторлық ем алып жатқандарға 5 түрлі дәріні үйлеріне жеткіземіз

Пневмония мен коронавирусты үйден емдеуге арналған 5 негізгі дәрі бекітілмек. Бұл туралы Денсаулық саөтау министрі Алексей Цой айтты.

"Осы шаралармен қатар біз тікелей пневмония мен коронавирустық пневмонияны, коронавирусты үй жағдайында, амбулаторлық тәсілмен емдеуге мүмкіндік беретін  5 негізгі фармацевтикалық дәріні енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осының арқасында науқастар асқынудың алдын алып, қажет дәріні нарықтан іздеп әуре болмайды. Қазір процедура жүріп жатыр, емдеу қаулылары енгізілуде. Тіпті аталған дәрілерді жеткізу жұмыстарын пысықтап жатырмыз.  Бұл науқастардың көмекті үйден алып, өз сырқатын ауруханға дейін жеткізбеуі үшін керек", – деді министр.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу