Алексей Цой: Елде эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады

712

КВИ-ге шалдыққан науқастардың шамамен 92 пайызы сауығып шықты. 

Алексей Цой: Елде эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады дейді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуы бойынша, республикада 6 қазанда CОVID-19-ға оң нәтижемен 896 162 науқас, КВИ-ға теріс нәтижемен 76 517 жағдай тіркелді. КВИ-ге шалдыққан  науқастардың шамамен 92 пайызы сауығып шықты. 

"Қазір 4 өңір "қызыл" аймақта орналасқан. 8 өңір тәуекелі жоғары аймақтан тәуекелі орташа аймаққа көшті. Тәуекелі орташа аймақтан тәуекелі төмен, "жасыл" аймаққа 3 өңір: Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары көшті", – деді Алексей Цой.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу