Алексей Цой: Қазақстандықтардың коронавируспен қайталап ауыру қаупі бар

1215

Жазда ауырып жазылғандардың ағзасындағы антидене желтоқсан айына дейін күшін жояды.

Алексей Цой: Қазақстандықтардың коронавируспен қайталап ауыру қаупі бар

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавируспен бір рет ауырып жазылған адамдардың арқаны кеңге салуына болмайтынын ескертті. Өйткені антидене күшін жойғаннан кейін қайталап ауыру қатері пайда болатын көрінеді.

"Бүгінде ұжымдық имммунитет қалыптастыру мәселесі өзекті болып тұр. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  бас директоры Тедрос Гебреисус мырзаның айтқан мәлімдемесіне тоқталғым келеді. Аурудың таралуы адамдар арасында вирустың еркін циркуляциясы пайда болғанда емес,  халықтың көп бөлігінде жаппай вакцина негізінде қалыптасқан иммунитеті жеткілікті болған жағдайда тоқтайды. Осылайша вакцинаға бағынышты иммунитет инфекцияның таралуын тоқтатуға негіз бола алады. Осыған байланысты вакцина дайын болғанша, бәрімізге карантин шараларын сақтап, қолды ұдайы дәрілеп, маска киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек.  Ғалымдардың түрлі бағалауы бойынша, симптомсыз ауырып шыққан азаматтардың бойында антидене 1 ай бойы сақталады. Ауыр немесе орташа дәрежеде ауырғандардың ағзасында 4 айдан 5 айға дейін антидене сақталады. Егер Қазақстанда коронавирус инфекциясының шарықтап өршіген кезі маусым-шілде айына келді десек, 4-5 ай мерзімнің бітуі қараша мен желтоқсанға дөп келеді. Сонда, тіпті, орташа немесе ауыр дәрежеде ауырып жазылғандардың өзінде антидене әлсіреп, коронавирус инфекциясымен ауырудың үлкен қатері бар. Әлемде қайталап ауырып жатқандар бар екенін білесіздер. Қазақстанда дәл қазір тіркелмегенімен, қатер әрқашан бар", –  деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу