Алексей Цой коронавирустың таралуына қатысты болжам жасады

1288

Пессимистік сценарий бойынша 2021 жылғы сәуір-маусымда СOVID-19 жұқтырған шамамен 95 мың адам тіркеледі деп болжанып отыр.

Алексей Цой коронавирустың таралуына қатысты болжам жасады

Денсаулық сақтау министрлігі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирустың таралуына қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, министрлік коронавирусқа қарсы екпенің жүргізілуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайға жаңадан болжам жасаған.

"Пессимистік сценарий бойынша вакцинаның тиімділігі 60% болған кезде 2021 жылғы маусым-қыркүйекте коронавирусты жұқтырған шамамен 95 мың адам тіркеледі деп болжанып отыр.

Екінші сценарий бойынша вакцинаның тиімділігі 80% болған кезде  2021 жылғы маусым-қыркүйекте коронавирус жұқтырған шамамен 6,9 мың дерегі тіркеледі. 

Оптимистік сценарий бойынша вакцинаның тиімділігі 95% болса, 2021 жылғы маусым-қыркүйекте коронавирусты жұқтыруған шамамен 6,1 адам тіркеледі", - деді министр Үкімет отырысында.

Алексей Цой аталған 3 сценарийдің жүзеге асуы адамдардың вакцина алуына байланысты болатынын жеткізді.

"Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға вакцина алғандардың санын арттыру үшін тиісті шешімді қабылдап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет", - деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу