"Салауатты ұлт" әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" атты ұлттық жобасы таныстырылды

1471

Бағдарлама төрт бағыттан тұрады.

"Салауатты ұлт" әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" атты ұлттық жобасы таныстырылды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Салауатты ұлт" әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" атты ұлттық жобаны таныстырды, деп хабарлайды деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Ұлттық жоба 4 бағыттан тұрады. Бірінші бағыт медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға байланысты. Екінші бағыт эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыруға арналған. Үшінші бағыт отандық фармацевтика саласының дамуына ықпал етеді. Төртінші бағыт салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған", – деді ведомство басшысы. 

Ұлттық жобаның бірінші бағытын іске асыру үшін халықтың медициналық қызмет сапасына қанағаттану деңгейін 80%-ға дейін арттыру көзделген. Ауылдық елді мекендер алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен 100% қамтамасыз етіледі. 
Кем дегенде 40 денсаулық сақтау объектісін және 2 ғылыми орталықты жаңғырту жоспарланған. 

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмектің жалпы көлемінде амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көлемін кеңейту қарастырылған", – деді Алексей Цой.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу