Денсаулық сақтау министрі өңірлерге деректерді жариялауға тыйым салмағанын айтып, ел арасында наразылық туғызған ақпарат туралы толық түсініктеме берді.
"Негативті ақпарат мөлшерін 10 пайызға азайту деген сөз контекстен қиып алынған. Бұл біздің жұмыстың мақсаттық индикаторларының біріне кіретін көрсеткіш болатын. Негативті ақпаратты қысқарту деген халықпен түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп, елдің көңіл-күйін өлшеуге бағытталған барометр еді. Өңірлер ішінде жүйе қаншалықты халыққа жақын, соны анықтау үшін жасалған жоба болатын. Кейбір өңірлік комиссиялар деректерді кешіктіріп беріп жатыр. Тіпті бір айға дейін созып жатқандар бар. Оның үстіне деректерді өте сауатты жасалуы керек. Әрі ашық болуы керек. Осы ақпараттарды беретін комиссиялардың ашықтығын ішкі сапаны бақылау органдары қамтамасыз ететін болады", – деді Алексей Цой.
Есжан Ботақара
Фото: gazeta.ru