Алексей Цой желіде індетті емдеу жолын сынға алған Айна Бакеевамен тілдесті

1913

Министрлік ресми кеңестер бекітпек. 

Алексей Цой желіде індетті емдеу жолын сынға алған Айна Бакеевамен тілдесті Фото: ortcom.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік желіде Президенттің атына үндеу жолдап, халық арасында пікірталас тудырған шымкенттік реабилитолог Айна Бакеевамен сөйлескенін мәлімдеді. 

"Ем шаралары бойынша ұсыныстарын жеткізген дәрігер Айна Бакееваның хабарламасына қатысты біраз сұрақ келіп түсті. Бүгін шымкенттік дәрігермен байланысқа шығып, 40 минуттай сөйлестім. Негізгі мәселені, дәрігердің нені жеткізгісі келгенін түсіндім. Ол әлеуметтік желілерде, тіпті медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша да ем шараларының сан түрі тарап кеткеніне алаңдаушылық білдіруде. Оны желіден көрген адамдардың да ойы өзгереді. Ал кейбір препараттар керісінше, денсаулықққа кері әсер етеді. Осыған қатысты сан сауалына жауап табуға ниетті көптеген адамдар Айна Бакееваға хабарласқан", –деді ол.

Сондықтан Алексей Цой алдағы уақытта министрлік халыққа арналған ресми кеңестер бекітілетінін мәлімдеді.

"Қазір Денсаулық сақтау министрлігі мамандармен бекітілген нақты ресми кеңестерді әзірледі. Бұл нақты кеңестер министрліктің ресми сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланады. Айна Бакеева да ем хаттамасын өз ресурстары арқылы азаматтарға тарататынын айтты", – деді министр. 

Еске сала кетсек, бұған дейін шымкенттік дәрігер Айна Бакеева әлеуметтік желіде індет жұқтырғандарды емдеуге қатысты сыни пікір айтып, Президетке үндеу жолдаған еді. 

Құралай Құдайберген


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу