banner

Алексей Луценко "Оман турының" екінші кезеңінде қарсыластарын шаң қаптырды

758

Былтыр спортшы "Оман турының" жеңімпазы атанған болатын.

Алексей Луценко "Оман турының" екінші кезеңінде қарсыластарын шаң қаптырды

Алексей Луценко велоспорттан "Оман турының" екінші кезеңінде топ жарды. Қазақстандық велошабандоз "Астана" командасы сапында сынға түсуде, деп жазады Olympic.kz. 

Луценко 156,5 шақырымға созылған жарыста қарсыластарына шаң қаптырып, мәреге бірінші болып келді. 

Қазақстандық спортшының уақыт көрсеткіші – 4:07.19. 

Екінші орында UAE Team Emirates клубының өкілі, норвегиялық Александр Кристофф. 

Үшінші орында Dimension Data командасының шабандозы Райан Гиббонс. 

Қазақстандық спортшы жалпы есепте екінші орында келеді. Еске сала кетейік, былтыр Алексей Луценко "Оман турының" жеңімпазы атанған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу