Алексей Луценко жаңартылған UCI рейтингінде жеті сатыға жоғарылады

724

"Норвегиядағы Арктикалық тур" додасында жеңіске жеткен Луценко 22-сатыдан 15-орынға көтерілді. 

Алексей Луценко жаңартылған UCI рейтингінде жеті сатыға жоғарылады

Велоспорттан Қазақстан чемпионы Алексей Луценко Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) рейтингінде жеті сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

"Норвегиядағы Арктикалық тур" додасында жеңіске жеткен Луценко 22-сатыдан 15-орынға көтерілді. 

Рейтингтегі бірінші орынды франциялық Жулиан Алафилипп иеленген. Екінші орында испандық Алехандро Вальверде. Үздік үштікті словениялық Примож Роглич тұйытқаған.

Ал Азия құрлығындағы рейтингте Луценко 1927 ұпаймен көш басында тұр. Сондай-ақ, сары құрлықта да Қазақстан бірінші орында екенін айта кеткен жөн. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу