Алдағы жылдары Орталық Азияға сегіз миллион қытай көшіп келеді, деп болжайды РФ жоғары экономика мектебінің ұлттық зерттеу университеті шығыстану бөлімінің меңгерушісі профессор Алексей Маслов, деп хабарлайды naryk.kz.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Қытайдың саясаты Орталық Азияны өзінің экономикалық мүддесіне пайдалану. Ол үшін аймақтың энергоресурстары мен экспорт капиталын жаулауы керек.
“Мұнда солтүстіс-батыс қытай саясаты бар. Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының халқы өсіп келеді. Қазіргі таңда ондағы халық саны 30 млн. Ал бұл көрсеткіш артқан сайын, ондағы халық көршілес елдерге қарай көше бастамақ”, – деді Маслов
“Сол себепті Орталық Азияда алдағы жылдары сегіз миллион қытай өмір сүретін болады. Олар негізінен аталған ауданның тұрғындары болады”, – дейді профессор.