Алексей Навальный 30 жылға сотталуы мүмкін

859

Алексей Навальный оған қатысты экстремизм туралы істен терроризм туралы бап бойынша жаңа іс қозғалғанын мәлімдеді. 

Алексей Навальный 30 жылға сотталуы мүмкін Фото: euronews.com

Бұл туралы оппозициялық саясаткер Басман сотының отырысында бейнебайланыс арқылы айтты, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

"Олар маған қисынға келмейтін тағы бір айып тағып, 30 жылға соттамақшы. Тергеуші Видюков кеше бұл істен [экстремизм туралы] түрмеде отырып террористік актілер ұйымдастырды деген бөлек іс ашылатынын айтты. Яғни мені енді әскери сот бөлек соттайды", - деді Навальный.

Саясаткер "бұл іс бойынша 30 жыл шамасында, басқа айыптарды ескерсе, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы" мүмкін екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу