Алексей Навальный басқа колонияға ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты euronews-ке сілтеме жасап.
"ФКУ ИК-6 колониясынан Владимир облысынан тыс жерде орналасқан түзеу мекемесіне 2023 жылдың 4 тамызында Мәскеу қалалық сотының заңды күшіне енген үкіміне сәйкес ауысты", – деп жазылған ФСИН хабарламасында.
Саясаткердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыштың айтуынша, Алексей Навальный бұрынғы колониядан11 желтоқсанда шығарылған.
Оның айтуынша, Навальныйдың адвокаттарына 6 желтоқсаннан бері онымен кездесуге рұқсат етілмеген. Сонымен қатар оппозиционер ИК-6 колониясында электр қуатының болмауына байланысты сот отырыстарына бейнебайланыс арқылы қосыла алмаған.