Алексей Навальный Мәскеуде жерленді

593

Мәскеуліктер ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды соңғы сапарға шығарып салуға жиналды.  

Алексей Навальный Мәскеуде жерленді Фото: @teamnavalny

Қоштасу рәсімі Мәскеудегі Марьина ауданындағы "Утоли моя печали" Құдай ана иконасы шіркеуінде өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Навальныйдың сүйегі Мәскеудің оңтүстік-батысындағы Борисовский зиратына қойылды. Марқұммен қоштасу үшін шіркеуге саясаткердің әке-шешесі мен туыстары ғана кірген. Бұл туралы оның жақтасы Иван Жданов хабарлады. Ал бұл уақытта шіркеу сыртында мыңға жуық адам кезекте тұрды. Кезек 700 метрден 1,5 км-ге дейін жеткен. Навальныйдың командасы жариялаған видеода шіркеу айналасына жиналған жұрттың "Навальный!" деп ұрандатып жатқаны естіледі.

Алексей Навальный 16 ақпанда Ямал-Ненец автономды округі Харп елдімекеніндегі қатаң режиміндегі "Полярный волк" түрмесінде қайтыс болды. Сараптама саясаткер өз өлімінен көз жұмды деген қорытындыға келген. Навальныйдың қазасы табарынан бірнеше күн бұрын 27-рет айып изоляторына жіберілген. Саясаткерлердің жақтастары оны өлтірді деп санайды. Навальныйдың әйелі Юлия оның ісін жалғастыратынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу