Алексей Полторанин спринттік сайыста ширек финалға жолдама алды

846

Алексей Полторанин спринттік сайыста ширек финалға жолдама алды

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында классикалық спринттік сайыста ширек финалға шықты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Спринттік кезең қашықтығын қазақстандық шаңғышы 3 минут 14.43 секундта жүріп өтті. Нәтижесінде 13-орынмен ширек финалға шықты.

Ерлер арасындағы спринттік жарысқа 80 спортшы қатысты. Қазақстандық екінші бір спортшы Денис Волотка 3 минут 22,52 секунд нәтижесімен 52-орыннан көрінді. Нәтижесінде ширек финалға шыға алмады.

Айта кетейік, осыған дейін Анна Шевченко ширек финалға шыққан еді. Әйелдер арасындағы 1/4 финалдағы жарыстар Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу