"Әлем аруы" байқауын Тайландтан шыққан трансгендер әйел сатып алды

724

Энн Джакапонг Джакраджутатип компанияны 20 миллион долларға сатып алды. 

"Әлем аруы" байқауын Тайландтан шыққан трансгендер әйел сатып алды Фото: reuters.com

Кезінде Дональд Трампқа тиесілі болған жыл сайынғы сұлулық байқауын өткізетін "Әлем аруы" ұйымының жаңа қожайыны анықталды, деп хабарлайды Reuters.

Байқаудың тарихында алғаш рет ұйымды әйел адам басқаратын болды. Таиландтың тумасы, медиа-магнат Энн Джакапонг Джакражутатип "Әлем аруы" байқауын 20 миллион долларға сатып алды.

Джакапонг ер бала болып туылғанымен, өзін әрдайым әйел ретінде сезінген, мектеп кезінен сол үшін қудалауға ұшыраған. Қазір ол өз отанында жұлдызға айналған, реалити шоуларға қатысып, біраз бағдарламаларды жүргізеді, әрі трансгендерлердің құқығын қорғаушы ретінде танымал. Іскерлік жолда да біраз табыстарға жеткен, ол Тайландта сұлулық байқауларын түсірумен айналысатын ең ірі көпұлтты конгломераттың атқарушы директоры әрі басты акционері.

"Әлем аруы" сұлулық байқауы 1971 жылдан бері өткізіліп келеді және 165 елде тікелей эфир арқылы көрсетіледі. Биыл байқау 14 қаңтар өткізіледі деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу