Әлем банктері 60 мың адамды қызметінен босатпақ

1422

Қысқартулар саны бойынша Германия қаржы институттары көш бастап тұр.

Әлем банктері 60 мың адамды қызметінен босатпақ

Bloomberg агенттігі биыл дүниежүзі бойынша көптеген банктер 60 мыңға жуық қызметкерін жұмысынан босататынын хабарлаған. Оның басым көпшілігі еуропалық қаржы институттары. 

Шығындарды қысқарту пайыздық мөлшерлемелер мен экономиканың даму қарқынының төмендеуіне байланысты болып отыр. Атап айтсақ, өткен аптада Германияның Commerzbank қаржы институты 4,3 мың адамды қысқартатынын мәлімдеген болатын. Осыны қосқанда әлем бойынша 58,2 мың адам банктегі қызметтерінен босатылады. Жалпы қысқартулардың 90 %-ы, яғни,  52,4 мыңы Еуропа банктеріне тиесілі. Ал Азия мен Тынықмұхиты аймағында бұл көрсеткіш – 500 мың, Солтүстік Америкада –  2,77 мың, Таяу Шығыс пен Африкада – 2,5 мыңды құрайды. 

Қысқартулар бойынша экономикасы экспортқа тәуелді Германия көш бастап тұр. Мәселен, 2022 жылдың соңына дейін Deutsche Bank 18 мың қызметкерін жұмысынан босатпақ. Сонымен қатар, испаниялық Santander – 5,4 мың, британиялық HSBC – 4 мың, Barclays – 3 мың, ресейлік Альфа-банк – 3 мың маманды қысқартатынын хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу