Әлем біріншілігінде алғашқы жекпе-жектер аяқталып, құрама көшбасшыларының қарсыластары белгілі бола бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.
91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит словакиялық Давид Михайликпен кездеседі. Ал 75 келіге дейінгі салмақтағы боксшымыз Тұрсынбай Құлмаханбет чех Милош Бартлмен шаршы алаңға шығады. 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын әлем чемпионы Қайрат Ералиев Олимпиада жүлдегері Йоэл Сегундо Финол Ривспен (Венесуэла) жұдырықтасады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан сапынан бүгін 63 келіге дейінгі салмақта Закир Сафиуллин рингке шығады. Оның қарсыласы – Бахтияр Газибаев (Әзірбайжан).