Әлем бойынша ең ірі газ кен орны Қытайдың қолына өтеді

1057

Әлем бойынша ең ірі газ кен орны Қытайдың қолына өтеді

Иран аумағындағы әлем бойынша ең ірі газ кен орны АҚШ санкциясына байланысты Қытайдың қарамағына өтеді, деп хабарлайды islam.kz.

Иран билігі Оңтүстік Парс газ кен орнындағы француздардың Total мұнай алыбының үлесін амалсыз қытайларға беруге мәжбүр.

2017 жылы Total компаниясының өкілдері Иран билігімен солтүстік бөлігі Катарға қарайтын әлемдегі аса ірі Оңтүстік Парс газ кен орнын игерудің 11-ші кезеңі үшін 4,8 млрд долларға бағаланған келісім-шартқа отырған еді. АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына байланысты мәміледен шыққан соң санкция күшіне еніп, батыстық компаниялар кете бастады. Еуропалықтар осылайша геосаяси одақтасы АҚШ-тан Ирандағы бизнесін қорғай алмай отыр.

 Аталған газ кен орны әлемдегі стратегиялық маңызы зор шикізат көзіне жатады. Оған қытайлардың иелік етуі Таяу Шығыстағы Қытайдың ықпалын арттыра түседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу