Әлем бойынша киберқылмыс көбейді

445

Дүние жүзінде киберқылмыс ең көп жасалатын ел - АҚШ.      

Әлем бойынша киберқылмыс көбейді Фото: rg.ru

Ал, жиі шабуылға ұшырайтын сала - банк секторы. Осының салдарынан былтыр әлемде тұтынушылардың жеке мәліметтерінің 4 жарым миллиард жазбасына қауіп төнген. Мұндай оқиғалар саны 2022 жылмен салыстырғанда 80 пайызға артқан, деп жазады inbusiness.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап. 

Былтыр әлемде ең көп киберқылмыс жасалған елдердің тізімінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия және Ресей көш бастап тұр.

Дерекке сүйенсек, өткен жылы 150 ірі кибершабуыл болған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Әсіресе мемлекеттік сектор мен IT-компанияларға қарсы қимылдар көптеп тіркелген.

Мектеп, университет, аурухана секілді мекемелер де хакелердің нысанына жиі айналып отырған. Қарапайым азаматтр да кибералаяқтардан көп зардап шеккен. Мысалы, былтыр Ресейдің әр оныншы тұрғыны әккі қулардың арбауына түсіп, орташа есеппен 20 мың рублінен айырылған. Бұл теңгеге шаққанда 100 мың шамасында. Бір қызығы тұрғындар көбіне банк карталарына қатысты құпия мәліметтерді өздері айтып қойып отырған.

Сарапшылар: "Бұған адамдардың цифрлық сауаттылығының төмендігі себеп", - дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу