Әлем бойынша коронавирусқа қатысты соңғы деректер

1733

Қытайдың мемлекеттік CGTN телеарнасының дерегіне сүйенсек, елде коронавирус жұқтырғандар саны 80422-ге, ал қайтыс болғандар саны 2984-ға жеткен

Әлем бойынша коронавирусқа қатысты соңғы деректер

Кейбір шетелдік басылымдар вакцина сәуір айында адамға егіліп, сынақтан өткізіледі, егер сәтті өткен жағдайда жылдың соңына дейін ресми түрде пайдаланыла бастауы мүмкін деп хабарлауда. 

Қытайдың мемлекеттік CGTN телеарнасының дерегіне сүйенсек, елде жаңа коронавирусты жұқтырғандардың саны 80422-ге, ал қайтыс болғандар саны 2984-ға (екеуі Гонкгонгте, біреуі Тайваньда) жеткен. 47260-сы ем-дом қабылдап, жазылған екен. 

Ал Қытайдан басқа елдердегі науқастардың саны –10566. Оның 166-сы ажал құшыпты. 
Оңтүстік Кореяда 5328 кісінің ағзасынан Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус табылса, оның 32-сі ауруды асқындырып, жан тапсырған.Жергілікті үкімет эпидемиямен күреске 9,91 млрд доллар бөлмек.

Ал Иранда марқұмдардың саны – 77, індетке шалдыққандардың саны 2336 болды. 
АҚШ-тың 122 азаматы дертке шалдықса, оның 9-ы ажал құшты. Amazon компаниясы Сиэтлдегі бөлімшесінің бір қызметкері вирусты жұқтырғанын мәлімдеді. 

Жапонияда науқастардың саны 1000-ға, Австралияда 41-ге, Малайзияда 36-ға, Британияда 12-ге, Канадада 33-ке жетті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу