Қытайдың мемлекеттік CGTN телеарнасының дерегіне сүйенсек, елде жаңа коронавирусты жұқтырғандардың саны 80980 -ге, ал марқұмдардыкі 3173-ке жеткен. 62887-і құлантаза жазылған екен.
Оңтүстік Кореяда 7869 кісінің ағзасынан Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус табылса, оның 250-ден астамы ауруды асқындырып, жан тапсырған. Британияда 456 тұрғын індетке шалдықса, оның алтауы көз жұмған.
Ал Испанияда марқұмдардың саны 49, індетке шалдыққандардың саны 2124 болды. АҚШ-тың 1000-ға жуық азаматы дертке шалдықса, оның 31-і ажал құшты.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань (Хубей провинциясы ) қаласында белгісіз пневмония эпидемиясының өршіп бара жатқан хабарлап, дабыл қаққан еді. Көп ұзамай мамандар аурудың қоздырғышы жаңа коронавирус екенін анықтап, оған Covid-19 деген атау берді. Ал қаңтар айының соңына қарай ДДҰ эпидемияны халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп таныды.
Табиғат Нұрболат