Әлем чемпионаты: Боксшыларымыздың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды

1044

Бокстан Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында алты қазақстандық боксшы бақ сынайды. 

Әлем чемпионаты: Боксшыларымыздың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды Фото: olympic.kz

Ширек финалдық бәсекелерден соң Қазақстан боксшыларының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

52 келідегі Сәкен Бибосынов 1/4 айналымда армениялық Артур Оганесянды жеңді. Жартылай финалда Бибосынов Азия ойындарының чемпионы, үндістандық Амитпен кездеседі. 

69 келідегі Абылайхан Жүсіпов ширек финалда Доминикан Республикасының спортшысынан басым түсті. Абылайханның жартылай финалдағы қарсыласы – ресейлік Андрек Замковой. 

75 келідегі Тұрсынбай Құлахмет 1/4 айналымда армениялық Арман Дарчанянды таза жеңді. Финал жолдамасы үшін таласта Тұрсынбай филиппиндік Эумир Марсиальмен қолғап түйістіреді.

81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов ширек финалда түркиялық Байрам Малканды ұтты. Жартылай финалда Нұрдәулетов Олимпиада чемпионы, кубалық Хулио Сезар Ла Крузбен кездеседі. 

91 келідегі Василий Левит 1/4 кезеңде иорданиялық боксшыны айтарлықтай қиындықсыз жеңді. Левиттің жартылай финалдағы қарсыласы – эквадорлық Хулир Сезар Кастиллио Торрес. 

Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалда италиялық боксшыдан өз мықтылығын дәлелдеді. Енді оны австриялық Джусти Хуни күтіп тұр. 

Бүгін әлем чемпионатында бір күндік үзіліс жарияланды. Жартылай финал бәсекелері 20 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу