Бүгін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында әйелдер арасындағы еркін бағдарлама бәсекесі өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Чемпионат жүлдесіне үмітті спортшылар қатарында қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева да бар, деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер арасындағы дода Астана уақытымен сағат 14:30-да басталады. Еркін бағдарламада жалпы есебі 24 спортшы өнер көрсетеді.
Тұрсынбаева айдынға ең соңғы болып шығады. Біздің спортшының тобы Астана уақытымен 17:30 шамасында жарысты бастайды.
Элизабет ресейліктер Евгения Медведева және Алина Загитова, Оңтүстік Корея өкілі Лим Ен Су, америкалық Мария Бэл, жапониялық Каори Сакомотомен бірге ең үздіктер шоғырланған топта өнер көрсетеді.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Элизабет Тұрсынбаева 75.96 ұпаймен үшінші орында тұр. Бірінші сатыда ресейлік Алина Загитова (82.08), екінші сатыда жапониялық Каори Сакомото (76.86).