Әлем чемпионаты кезіндегі қауіпсіздік: стадиондар маңында 300-ден астам дрон ұсталды

199

Барлық әуе кемелерінің ұшуына тыйым салынды.

Әлем чемпионаты кезіндегі қауіпсіздік: стадиондар маңында 300-ден астам дрон ұсталды Фото: ixbt.com

АҚШ Көлік қауіпсіздігі басқармасының мәліметінше, әлем чемпионаты басталғаннан бері америкалық ведомстволар стадиондардың маңында 300-ден астам дрон тәркілеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасы шектеулі әуе кеңістігіне рұқсатсыз кіріп отырған дрон операторларына 100 мың долларға дейін айыппұл салынатынын, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және дрондары тәркіленетінін мәлімдеді.

Матч күндері әуе қозғалысын басқарушылар рұқсат берген жағдайларды қоспағанда стадиондар айналасындағы 3 теңіз милі радиусында және жер деңгейінен 3 мың фут биіктікте дрондарды қоса алғанда барлық әуе кемелерінің ұшуына тыйым салынды.

ФТБ рұқсат етілмеген дрондарды анықтау және залалсыздандыру үшін әлем чемпионаты матчтарын өткізетін стадиондарға қызметкерлер топтарын жібергені туралы хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу