Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатын жалғыз медальмен аяқтады

1074

Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен 72 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық кезең аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.  

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатын жалғыз медальмен аяқтады

Аталған салмақ бойынша финалда белдескен қазақстандық Жәмила Бақбергенова жапондық Масако Фуруитиден жеңіліс тапты. Қорытынды есеп – 0:3.

Бұл Жәмиланың ересектер арасындағы әлем чемпионатында еншілеген алғашқы медалі. Бұған дейін ол 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күресіп, тап осы Масакодан 0:2 есебімен ұтылған болатын. 

Қазақстан әйелдер командасы Ослодағы әлем чемпионатын жалғыз медальмен аяқтады. Ал еркін күрес шеберлерінің еншісінде бірде-бір медаль жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу