Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан Әлем чемпионаты басталды. 7 наурыз күні аралас эстафета жарысы өтті, ал бүгін алғашқы дара жарыс болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін әйелдер 7,5 километрлік спринт жарысына шығады. Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметіне сәйкес, оған Қазақстаннан төрт спортшы, соның ішінде құраманың лидері Галина Вишневская да қатысады. Жарыс жолына шығатын қалған спортшылар мыналар: Людмила Ахатова, Елизавета Бельченко және Анастасия Кондратьева.
Еске сала кетейік, 5 наурыз күні Спорттық арбитражды сот (CAS) қазақстандық биатлоншы Галина Вишневскаяның апелляциялық шағымын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.
2018 жылдың қарашасында Галина Вишневская Қазақстан құрамасының өзге сегіз мүшесімен бірге жарыстардан уақытша шеттетілген болатын.