Сува (Фиджи) қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Халықаралық жарысқа алғаш рет қатысып отырған 20 жастағы Дарья Ахмерова қоссайыс нәтижесінде 236 келіні (103+133) бағындырып, Әлем чемпионатының алтынына қол жеткізді.
Бұдан бөлек, Дарья серпе және жұлқа көтеруден "кіші" алтын медальді де қанжығасына байлады.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін біріншіліктің алтын медалін Карина Құзғанбаева алған болатын. Екі "алтыннан" бөлек Қазақстан қоржынында бір "күміс" бар. Оны Артем Антропов алды.