Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 18 дзюдошы қорғайды

858

Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 18 дзюдошы қорғайды

Будапештте дзюдодан әлем чемпионатының жеребесі тартылды. 126 елден 731 дзюдошы қатысатын жылдың ең маңызды додасында Қазақстан намысын 18 дзюдошы қорғайды, деп хабарлайды prosports.kz.

Ертең, 28 тамыз күні әлем чемпионатының бірінші жарыс күнінде ерлерден 60 кг, әйелдерден 48 кг салмақ дәрежесіндегі татами шеберлері бақтарын сынайды. Аталған екі салмақта Қазақстан ұлттық құрамасынан 3 дзюдошы шығады. Олар: Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) және Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг).

Жеребе бойынша Елдос Сметовтың алғашқы қарсыласы - Нэусо Сигаукие (Мозамбик), Ғұсман Қырғызбаев франциялық Ривол Кедрикпен кездеседі. Ал Отгонцэцэг Галбадрах әлем чемпионатын екінші айналымнан бастайды. Қарсыласы – Италия спортшысы Милани Франциска.

Әлем чемпионатының ірікітеу кезеңі Астана уақытымен 14.00-де, финалдық кездесулер 20:00-де басталады. "Qazsport" арнасы дзюдодан Әлем Чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, дзюдодан әлем чемпионаты 28 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтеді. Оған Қазақстан ұлттық құрамасынан 18 дзюдошы қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу