Әлем чемпионатында Қазақстан Норвегиямен ойнайды

196

Хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы алғашқы ойынын бүгін Норвегия құрамасына қарсы өткізеді, деп жазады inbusiness.kz жазды.

Әлем чемпионатында Қазақстан Норвегиямен ойнайды Фото: icehockey.kz

Бұған дейін екі құрама бес мәрте кездесті. Оның екеуінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанында қарсыласына есе жіберді.

Бүгінгі кездесу Қазақстан уақытымен 15:15–те басталып, "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ел құрамасы дүбірлі додаға биыл 13-мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші — 2021 жылғы оныншы орын.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнайды.

Қарсыластары — Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу