Астана қаласында белбеу күресінен өткен XV әлем чемпионатында қызылордалық спортшылар 6 жүлде иеленді.
Белбеу күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Әбдісаттар Садықов жетекшілік жасаған спортшылар жақсы нәтиже көрсетті.
Дүбірлі бәсекеге аймақтан қатысқан 8 спортшының 6-уы жүлдемен оралды. Атап айтсақ, 62 келі салмақта Шиелі ауданының спортшысы Райымбек Рантаев пен 80 келіден жоғары салмақта сынға түскен түгіскендік Меруерт Әбубәкір күміс жүлдені еншіледі.
Көкшоқы елді мекенінің спортшысы Рахат Советов (57 келі), Түгіскен елді мекенінен Нилуфар Әбілова (63 келі), Нұрлыбек Алдабергенов (68 келі) және Мереке Құдайбергеновалар (71 келі) қола жүлдеге ие болды.
Спортшыларды жарысқа Ә.Садықов, М.Тажбенов, Қ.Жолмырзаев дайындады.