Әлем чемпионатының финалын стадионнан 50 мың аргентиналық жанкүйер тамашалайды

502

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының финалында 50 мың аргентиналық, 6 мың франциялық жанкүйер келеді деп күтілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлем чемпионатының финалын стадионнан 50 мың аргентиналық жанкүйер тамашалайды

Финалда 18 желтоқсанда Аргентина және Франция құрамалары кездеседі.

Кездесу Лусаил қаласындағы 88 966 жанкүйерге арналған "Лусаил Айконик" стадионында өтеді.

Дүбірлі дода барысында өз құрамасының әрбір ойынына аргентиналық жанкүйерлер көп жиналды. Осындай қолдауды әлем чемпионаты финалында да жалғастырмақ.

Екі құрама бұған дейін екі-екіден әлем чемпионы атағын жеңіп алған. 

Аргентиналық футболшылар 1978, 1986 жылдарда жеңімпаз тұғырына көтерілсе, Франция 1998, 2018 жылдарда бас жүлдеге ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу