Әлем чемпионы 9 қыркүйекте әлем назары Астанаға ауатынын айтты

585

Әлем чемпионы 9 қыркүйекте әлем назары Астанаға ауатынын айтты

Бейбіт Шүменов Астанада жекпе-жек өткізеді. Бокс кеші 9 қыркүйек күні ұйымдастырылады, деп жазды Vesti.kz.

Порталдың хабарлауынша, бірінші ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО)Астанада ЕХРО кезінде өтетін бокс кешінде жұдырықтасуға дайын екенін айтқан.

"Жуырда ғана жақын досым Қанат Исламмен сөйлестім. Ол Астанада жекпе-жек өткізетіні туралы айтып, оған мені де қатысуымды сұрады. Мен мүмкіндік болатын болса, өз халқымның алдында қуана жекпе-жек өткізетінімді айттым. Әрине менің де бұл бокс кешіне қатысқым келеді. Әлемнің әр жерінде жекпе-жек өткізіп жүрген еліміздің боксшылары жиналып, Астанада өнер көрсетсек, бұл жанкүйерлер үшін ұмытылмас естелік боларына сенемін. Тек қазақстандық жанкүйерлер үшін емес, әлемдегі кәсіпқой боксқа қызығатындар үшін бұл өте қызық. Себебі қазақ боксшыларының жұдырықтасу стилін шетелдіктер жақсы көреді, жоғары бағалайды. Қазақстандық жанкүйерлер алдында жекпе-жек өткізбегеніме 6 жылдай болыпты. Елдің қиқуын, қолдауын сағындым. Тауда жүгіріп,бұлақ суын ішіп, қазы-қартамен қуаттанатын күн де алыс емес сияқты. 9 қыркүйекте әлем назары Астанаға ауады!", - деді Бейбіт Шүменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу