Коронавирустың кесірінен әлем экономикасының 30 пайызы рецессияға ұшырады, деп хабарлайды Atameken Business.
Қаржы институттарының жаһандық қауымдастығы осындай мәлімдеме жасады. Аталған ұйымның сарапшылары қазірдің өзінде АҚШ, Еуропалық одақ және Жапонияда рецессия болып жатқанын айтады. Соңғы жарты айда дүниежүзілік жалпы ішкі өнім өсіміне қатысты болжамдағы көрсеткіш 2,6-дан 1,6 пайызға дейін түскен. Бірақ бұл нақты осылай болады деген сөз емес. Қазір тұрақтылық жоқ. Жағдай күн сайын өзгеріп жатқандықтан, болжамдардың өзі жиі өзгеріп жатыр. Мысалы, биыл Қытайдағы өсім 2 есе азаяды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу