Әлем экономикасының қалыпқа келуінің негізгі драйвері аталды

952

Жаһандық қарыз көлемі 2020 жылы 281 триллион долларға дейін өскен еді.

Әлем экономикасының қалыпқа келуінің негізгі драйвері аталды Фото: reuters.com

Пандемия кезінде экономикасы мықты елдердегі тұтынушылар 2,9 триллион доллар көлемінде қаражат жинаған. Сарапшылар осы фактор экономиканы қалпына келтірудің негізгі драйвері деген пікірде, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Bloomberg басылымына сілтеме жасап. 

Оның 1,5 триллион долларға жуығы АҚШ-қа тиесілі. Бұл көрсеткіш елдің ЖІӨ-нің жылдық өсімінен екі есе көп және Оңтүстік Кореяның бір жылдағы өндіріс көлеміне тең. Бірқатар сарапшының пікірінше, енді бұл қаражатты халық мейрамханалар, ойын-сауық, туризм және спортқа жұмсайды.

Кейбіреулерінің ойынша, денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс аяқталып, еңбек нарығы қалпына келгенше адамдар бұл қаражатты қарызды өтеуге шығындайды немесе мүлдем жұмсамауы мүмкін. 

Ескере кететін жайт, жаһандық қарыз көлемі 2020 жылы 281 триллион долларға дейін өскен. Бұл – рекордтық көрсеткіш, әлемдік экономиканың өзінен 3,5 есе көп. Бір жарым жылдан кейін қарыз көлемі 300 триллион долларға дейін жетуі мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу