Әлем елдері коронавируспен күреске 13 трлн доллар бөлген

592

2021 жылы жаһандық мемлекеттік қарыз көлемі ЖІӨ-нің 125%-ына жетеді.

Әлем елдері коронавируспен күреске 13 трлн доллар бөлген Фото: rbc.ru

Пандемия басталғалы әлем елдері коронавируспен күреске 13 трлн доллардай қаражат шығындаған. Бұл туралы Nikkei басылымы хабарлады.

Бұл соманың ішінде АҚШ Конгресі жақында ғана мақұлдаған 900 млрд доллар бар.

Сарапшылардың дерегі бойынша, 2021 жылы жаһандық мемлекеттік қарыз көлемі ЖІӨ-нің 125%-ына жетеді. Келесі жылдың соңына қарай пандемиядан әлем экономикасына келген шығын көлемі 7 трлн доллар болады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас экономисі Лоранс Бун осындай пікірде.

Індет өршігелі әлемде вирус жұқтырудың 78,6 млн фактісі тіркелген. 44,2 млн адам ем-дом қабылдап, аурудан жазылса, 1,73 млн науқас дерттен қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу