Ақпан айында өңдеуші сектордағы әлемдік іскерлік белсенділік индексі 0,9 тармаққа өсіп, өткен жылдың тамыз айынан бері алғаш рет бейтарап аймаққа өтті.
Іскерлік белсенділік индексі - бұл өңдеу және қызмет көрсету салаларындағы жеке компаниялардың сауалнамасы мен есептеріне негізделген экономикалық көрсеткіш. Индекс нарықтағы инвесторлар мен кәсіпкерлердің ойын білуге негіз болады. 50-ден жоғары балл - сектордың өсуін, 50-ден төмен - экономикалық құлдырауды, ал 50 балл - алдыңғы аймен салыстырғанда ешқандай өзгеріс жоқ екенін көрсетеді.
Сауд Арабиясында ең жоғары көрсеткіш тіркелген, индекс 1,6 тармаққа көтеріліп, 2015 жылдың наурызынан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Елде өндіріс көлемі, жұмыспен қамту, сауда қарқынды өсіп, экономикалық жағдай жақсаруда.
Үндістанда индекстің салыстырмалы түрде жоғары болуына қарамастан, көрсеткіш 4 айдағы ең төменгі деңгейге жетті.
АҚШ-та іскерлік белсенділік көрсеткіші алдыңғы аймен салыстырғанда өсті, бірақ 4-ші ай қатарынан теріс аймақта қалып отыр. Бұған себеп ішкі сұраныс төмен және инфляция деңгейі жоғары.