Әлем елдерінде жүк тасымалы үшін үлкен талас болып жатыр

1039

Әлем елдерінде жүк тасымалы үшін үлкен талас болып жатыр

Қазақстан арқылы әлемдік жүк тасымалының 8 пайызын өткізуге болады. Одан артығына жол мен контейнерлердің шамасы жетпейді, дейді “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Ерхат Ысқалиев. Бұл туралы naryk.kz.хабарлайды.

“Қазіргі таңда жүк тасымалы үшін үлкен талас болып жатыр. Бұл тұрғыда кім жайлы жағдай жасап береді, сол ұтады”, -  деді Ысқалиев.

Сонымен қатар қазір теңіз, авто және теміржол арасында да бәсекелестік күшті. Бүгінде тұтынушы бәрін бір пакетпен алғысы келеді.

Бүгінде Қазақстан арқылы әлемдік жүк тасымалының тек 2 пайызы ғана өтеді екен. Сарапшының пікірінше, бұл көрсеткішті 8 пайызға дейін ғана арттыруға мүмкіндік бар.

ҰКП өкілінің мәліметінше, экспорттық тауарлар ішіндегі тасымал шығыны тауардың өзіндік құнының 50 пайызын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу