Әлем ғалымдары болашақ энергиясын ілгерілету манифесін әзірледі. Бұл туралы бүгін Global Challenges Summit 2018 форумының екінші күнгі жалпы отырысында Нобель сыйлығының лауреаты Раджендра Кумар Пачаури айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Астананың "ЭКСПО-2017" идеясы әлемге таралуының жалғасуы өте маңызды. Біз осы жерде арнайы манифест дайындағанымызды атап өткім келеді. Ол бүкіл әлемдегі Нобель сыйлығының лауреаттарын қоса алғанда жоғары деңгейдегі 12 адамнан тұратын ұйымдастыру комитеті тарапынан әзірленді. Бұл манифестте бүкіл әлемге Астананың "ЭКСПО-2017" көрмесіндегі идеясының жетуі үшін Қазақстан тарапынан қандай бастамалар көтерілуге тиістігі айтылған", - деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу