Әлем халқының 75 пайызы смартфон қолданады

1296

Әлем халқының 75 пайызы смартфон қолданады

IHSMarkit зерттеу компаниясының деректері бойынша, 2 жылдан кейін әлемде смартфонды белсенді қолданатын адам саны 6 миллиардқа дейін жетеді. Бұл дегеніміз, әлем халқының 75% смартфон қолданады деген сөз. Осыған байланысты "Кселл" компаниясы интернетте баланың ақпарат кеңістігін қорғау үшін ата-аналарға көмектесетін смартфон, планшет және компьютерге арналған бағдарлама ұсынды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Internetlivestats.com сайтында интернетте болып жатқан оқиғалардың бір секундтық санағы жүргізіледі. Осы ресурстың деректері бойынша интернетте қазірдің өзінде шамамен 1,9 млн сайт бар. Әр секунд сайын адамдар Instagram-ға 849 фотосурет жариялап, Youtube-те 74 мың бейне ролик қаралады екен.

"Касперский зертханасы" екі жыл бұрын халықаралық зерттеу жүргізіп, интернет пайдаланатын балалардың мінез-құлқын зерттеді. Зерттеу, ресейлік балалардың жартысынан көбі желідегі белсенділігін жасыратынын анықтады: 92% жағдайда жасөспірімдер жасына сәйкес келмейтін материалды қарайды, бейтаныс адамдармен сөйлесіп, кибербуллингке қатысады.

Алғашқы реакция, әрине, интернетке кіруге тыйым салу. Бірақ тыйым әрдайым қорғауды білдірмейді. Ол, керісінше, баланың қызығушылығын және әуестігін арттырады. "Касперский зертханасының" зерттеуі бойынша, сауал қойылған балалар мен жасөспірімдердің басым бөлігі ата-аналарымен киберқатер туралы сөйлескісі келетінін жеткізді.

Қазір интернетте баланың ақпарат кеңістігін қорғау үшін ата-аналарға көмектесетін смартфон, планшет және компьютерге арналған бағдарламалар өте көп.

Мысал "Кселл" компаниясының және "Касперский зертханасының" "Ата-ана бақылауы" қызметін Kcell және Activ абоненттері пайдалана алады. Android телефонына арналған "Ата-ана бақылауы" қызметі бойынша Kaspersky Safe Kids және Kaspersky Internet Security өнімдері бар.

"Интернетте балаларды батыл әрекеттен қорғауға деген ұмтылыс - әрбір ата-ананың табиғи ұмтылысы. Желінің өмірдегідей өз ережесі бар: ата-аналар дүниетанымын көтеріп, оларға қауіп-қатерді айтуға, бағыт беруі керек. "Касперский зертханасының" өнімдерімен бұл процесс әлдеқайда жеңіл", - деді "Касперский зертханасының" Қазақстандағы, Орталық Азиядағы және Моңғолиядағы өкілдігінің басқарушы директоры Евгений Питолин.

Қызмет бағасы күніне 33 теңге, екі күн бойы қызметке абоненттік төлемсіз тегін сынақ жасап көріңіз. Қызмет туралы қосымша ақпаратты https://parental-control.kz/ сілтемесінен ала аласыз. Қызметті USSD *737# арқылы қосу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу