Әлем қауымдастығы араласпаса, Кавказ жаңа проблемаға айналады – Армения президенті

669

Армен Саркисянның айтуынша, Кавказ "тағы бір Сирияға" айналуы мүмкін. 

Әлем қауымдастығы араласпаса, Кавказ жаңа проблемаға айналады – Армения президенті

Егер де халықаралық қауымдастық Таулы Қарабақтағы жағдайды реттеуге атсалыспаса, Кавказ ірі шиеленіс аймағына айналады. Армения президенті Армен Саркисян осылай деді.

Сондай-ақ елдің Сыртқы істер министрі Қарабақ мәселесін реттеуге келгенде Армения біржақты талапқа көнбейтінін жеткізді. 

Еске сала кетсек, Таулы Қарабақтағы ахуал 27 қыркүйекте өршіп кеткен болатын. Қазір бұл территорияда қарулы қақтығыстар болып жатыр. Әзербайжан мен Арменияда соғыс жағдайы енгізіліп, мобилизация жарияланды. Қос тарапты БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мен бірқатар ел келіссөздер жүргізуге үндеп отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу