"Халықты қасақана бомбалау": Анджелина Джоли Израильді айыптады

2032

Америкалық актриса әлем лидерлерін “қылмысқа серіктес” деп атады.

"Халықты қасақана бомбалау": Анджелина Джоли Израильді айыптады Фото: inbusiness.kz

Голливуд актрисасы және БҰҰ-ның бұрынғы ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли Израильдің Газа секторындағы әрекеттерін сынға алды, деп жазады inbusiness.kz сайты absatz.media басылымына сілтеме жасап. 

Атақты адамның пікірі бойынша, жазықсыз тұрғындар қазір бомбалауға ұшырап жатыр. Ал, осы жағдайдың нәтижесінен кейін Газа секторы нағыз жаппай қабірге айналуы ықтимал.

"Бұл қашатын жері жоқ тұзаққа түскен халықты қасақана бомбалаудың бір түрі. Газа секторы ашық түрме ретінде жиырма жылға жуық уақыт бойы тез арада жаппай қабірге айналуда. Өлтірілгендердің 40 пайызы –жазықсыз балалар", делінген Джолидің мәлімдемесінде.

Актриса әлемдік қауымдастық Палестинаның миллиондаған бейбіт тұрғындарының "Ұжымдық жазаға және қорлауға" ұшырағанын да атап өтті.

"Көптеген елдердің басшылары Тель-Авивке қолдау көрсетіп жатқанда, Палестина азаматтары – әйелдер, балалар, тіпті, бүтін бір отбасылар – ұжымдық жазаға тартылып жатыр. Олар халықаралық құқыққа қарамастан, тамақ, дәрі-дәрмек және гуманитарлық көмектен айырылды", – деп қосты актриса.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу