Әлем Кубогынан 5 "алтын" бар

933

Қазақстандық 5 спортшы Тайланда джиу-джитсуден студенттер арасында өткен Әлем Кубогінде 5 алтын жүлде алды.

Әлем Кубогынан 5 "алтын" бар

Қазақстан Республикасы джиу-джитсу қауымдастығының хабарлауынша, жарыс 10-11 сәуірде елдің солтүстік астанасы Чанг-Май қаласында өткен болатын, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"12 елдің мықтылары қатысқан беделді жарыста 5 спортшы Қазақстанның намысын қорғады. Бұл спортшылардың барлығы бәйге алып, Әлем кубогінде алтын жүлдені қанжығасына байлады. Оның ішінде, Дархан Нортаев, Қуандық Қонысов, Галина Дуванова, Нұрсұлтан Дүйсенқұлов және Жәнібек Әбу-Бәкір бар. Бұл кәсіпқой спортшылардың әлеуеті зор. Олар өз шеберліктерін талай мәрте көрсеткен", – деді Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы, Қазақстанның джиу-джитсу қауымдастығының президенті Болат Мажағұлов.

Әлем кубогы Fighting, Ne-Waza және Duo- sistem сияқты үш дисциплина бойынша өтті. Қазақстан Республикасының джиу-джитсу қауымдастығы джиу-джитсуды және оның бағыттарын Қазақстан Республикасының университеттік спорт түрлері федерациясына енгізу бойынша келіссөздер жүргізуде.

Еске салайық, 19-23 маусымда еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда джиу-джитсуден Grand Prix Nur-Sultan Open халықаралық рейтингтік турнир өтеді. Жарысқа барша әлемнен 3 мыңнан аса спортшы қатысады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу