Салтанатты шарада қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы – Әлия Назарбаева "Әлем мұғалімі" сыйлығының іріктеу турында ел намысын қорғайтын 11 мұғалімнің есімін жариялады.
Айта кетсек "Әлем мұғалімі" халықаралық байқауы Дубайда 2020 жылдың наурыз айында өткізілетін болады.
Сондай-ақ, жеңімпаздардың біріне "Қазақстан мұғалімі" сыйлықақысы берілді.
8 жыл ішінде "Үздік педагог" байқауына 35 127 педагог қатысыпты, оның ішінде мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі 432 педагог 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақымен және "Үздік педагог" белгісімен марапатталған.