Әлем теннисінің жұлдыздары Қазақстанда кездесу өткізеді

1582

Спорт жұлдыздары қайырымдылық шарасы аясында матч өткізеді. 

Әлем теннисінің жұлдыздары Қазақстанда кездесу өткізеді

Әлем теннисінің жұлдыздары, испандық Рафаэль Надаль мен сербиялық Новак Джокович Қазақстанға келеді. Олар Нұр-Сұлтанда кездесу өткізеді, деп жазады Olympic.kz.

Спорт жұлдыздары қайырымдылық шарасы аясында матч өткізеді. Кездесу "Барыс Аренада" өтеді деп жоспарлануда.

Надаль мен Джокович 24 қазан күні кортқа шығады. Кездесу 19.00-де басталмақ. 

Новак Джокович әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Ал Надаль екінші орында келеді.  Екеуара кездесуде 28:26 есебімен сербиялық теннисші алда. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу