Әлем жаңа пандемияларға дайын болуы керек – ДДСҰ

831

Гебрейесус "вакциналық теңсіздік" мәселесі туралы мәлімдеме жасады.

Әлем жаңа пандемияларға дайын болуы керек – ДДСҰ Фото: reuters.com


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус әлемдік қауымдастықты COVID-19 індетінен сабақ алып, жаңа эпидемиялар мен пандемияларға дайын болуға үндеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Ұйым басшысы олардың алдын алу, анықтау және тез әрекет ету үшін қолдан келгенді жасау керек екенін атап өтті. Оның ойынша, індетті еңсеру үшін елдер алғашқы медициналық көмек пен денсаулық сақтау қызметімен қамтамасыз етілуге тиіс.

Сонымен қатар Гебрейесус "вакциналық теңсіздік" мәселесі туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, табысы аз елдердің көпшілігінде әлі күнге дейін COVID-19 дертіне қарсы вакцина тапшы, ал барлық вакцинациялардың 77%-ы 10 шақты елге тиесілі екен.

Бұған дейін Аустралияның премьер-министрі, БҰҰ-ның санитария және су жөніндегі жаһандық серіктестігінің төрағасы Кевин Радд мәңгілік пандемия қаупі төніп тұрғанын айтқан болатын. Ол үнді субконтинентінде адамзаттың төрттен бір бөлігі өмір сүретінін, бірақ әлемдік көшбасшылар індетпен тек өз елдерінде күресуге баса назар аударып жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, ауқатты елдер вакцинаны басқа елдерге үлестіруге тиіс.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу