Дженнифер Лопес Астанаға келетін болды

Мұны өнер иесінің Instagram желісіндегі ресми дереккөзі хабарлаған.  

Дженнифер Лопес Астанаға келетін болды Фото: AP Photo / Invision / Evan Agostini

Америкалық актриса және әнші Дженнифер Лопес Up All Night турнесі аясында әлемнің 20-ға жуық қаласында ән шырқайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Әлемдік жұлдыз гастрольдік сапарында Астанада Astana Arena-да да өнер көрсетеді. Концерт 1 тамызға жоспарланған. 

Ал әншінің жалпы туры 1 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғаспақ. Ол әлемнің 17 қаласын қамтуды көздеген. Қалалар арасында Анталья мен Ыстанбұл, Мадрид пен Барселона, Будапешт, Варшава, Бухарест, Әбу-Даби, т.б. ірілі-ұсақтылары бар. 

– Барлық халықаралық JLovers үшін айтарым, мен осы жазда бірнеше таңдаулы орында өнер көрсетемін. Сахнаға қайта оралып, бәріңізді көргенше асықпын. Бұл таңғажайып жаз болады, – деді Дженнифер Лопес алдағы туры туралы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу