ДДСҰ: Әлемде 1 аптада 15 млн адам коронавирус жұқтырған

894

Ауру жұқтыру көрсеткіші бір аптада 55%-ға өскен.

ДДСҰ: Әлемде 1 аптада 15 млн адам коронавирус жұқтырған

Биыл 3-9 қаңтар аралығында әлемде "омикрон" штамының таралуына байланысты коронавирусты жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

"Өткен аптада ДДСҰ-ға әлем бойынша 15 млн-нан аса адам COVID-19 жұқтырғаны туралы мәлімет түсті. Бұл – бір аптада анықталған ауру жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші. Біз сандарды төмендеткен жоқпыз", – деді Тедрос Адханом Гебрейюс Женевада өткен баспасөз мәслихатында. 

Ол әлемде коронавирустың өршуін "омикрон" штамының тарауымен байланыстырды.

ДДСҰ басшысы коронавирусқа қарсы екпенің бірде-бір компонентін алмаған елдерде вакцинация жүргізу керегін атап өтті.

Оның айтуынша, Африкада екпенің алғашқы дозасын халықтың 85%-дан астамы күтіп отыр. 90-ға жуық мемлекеттегі халықтың 40%-ы COVID-19-ға қарсы екпе алмаған. Оның ішінде 36 мемлекет тұрғындардың 10%-дан аз бөлігіне вакцина салдырған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемде COVID-19 вирусының тарауы өткен аптамен салыстырғанда 55%-ға өсті. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азияда коронавирус жұқтыру саны 418%-ға артқан, бірақ өлім-жітім көрсеткіші өзгермеген. 

Өткен аптада өлім дерегінің өсуі Африка (84%) және Америка (26%) материгінде тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу