Әлемде 12 млн адам кәмелеттік жасқа толмай жатып неке қияды

904

Оның 4,4 млн-ы 15 жасқа жетпей шаңырақ көтереді.

Әлемде 12 млн адам кәмелеттік жасқа толмай жатып неке қияды

Нұр-Сұлтанда "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен өткен "Ерте жастағы неке" тақырыбында дөңгелек үстелде сарапшылар елімізде жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысымен таныстырды.

Әлеуметтік зерттеуге қатысқан респондендтердің басым бөлігі неке құру үшін ең оңтайлы жас – 25 және одан жоғары дегенді атап өткен. Яғни, көпшілік алдымен білім алып, одан кейін мәнсап құрып, өмірлік тәжірибе жинаған соң ғана көтерген шаңырақтың бақытты болатынын айтқан. 

ЮНИСЕФ-тің гендерлік саясат бойынша Қырғыз Республикасындағы маманы Нора Сүйінәлиеваның айтуынша әлемде 12 млн адам кәмелеттік жасқа жетпей неке құрады. Ал оның 4,4 млн-ы, тіпті, 15 жасқа жетпей шаңырақ көтереді. Бұл кәмелеттік жасқа толмағандар арасында жылына орта есеппен 33 мың неке тіркеліп отырады деген сөз.

"Сондықтан, мұндай мәселе бүкіл әлемде бар. ЮНИСЕФ-тің анықтамасы бойынша, шаңырақ көтерген екі адамның бірі кәмелеттік жасқа толмаған болса, мұны "балалар некесі" дейді. Яғни, бізге де әр нәрсені өз атымен атауымыз керек және мұнымен бірлесе күресіп, алдын-алуға міндеттіміз", – дейді Нора Сүйінәлиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу